«Қауіпсіз жол»: Махамбетте жолда жүру ережесін бұзудың 565 дерегі анықталды

тәртіп сақшылары көлік жүргізушілерін жолда сақ болуға және жол қозғалысы ережелерін қатаң ұстануға шақырады

17 мамыр - 16 маусым күндері аралығында Махамбет ауданы бойынша «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жол қозғалысына қатысушылардың жол жүрісі ережелерін қатаң сақтауы, жүргізушілердің көлік жүргізу тәртібін және жаяу жүргіншілердің жолда жүру тәртібін арттыру, сондай-ақ жол-көлік оқиғаларының, жол жүру ережелерін бұзудың алдын алу мен болдырмау, сондай-ақ, заңсыз қайта жабдықталған көлік құралдарын, техникалық жағдайы мен құрылысы жол қозғалысы қауіпсіздігінің белгіленген талаптарына сәйкес келмейтін автобустар мен таксилерді пайдалануға тыйым салуға шаралар қабылдау болып табылады.

«Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында барлығы 565 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды, оның ішінде 23 көлігі міндетті техникалық байқаудан өтпеген. Тәртіп сақшылары көлік құралын мас халде басқару бойынша 4 жайтты анықтады. Полиция қызметкерлері жылдамдықты арттырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 217 жүргізушіні тартқан. Маневр жасау ережелерін бұзушылардың 44 жайт және жаяу жүргіншінің жол жүрісі қағидаларын бұзуы бойынша 66 дерек анықтады.

Сондай-ақ, көлік құралдарын басқару кезінде ұялы телефондарды пайдаланғаны үшін 88 жүргізуші жазаланды және 98-і қауіпсіздік белдіктерін пайдаланбағандар болса, рұхсатсыз қайта жабдықталған КҚ басқару 5, КҚ міндетті техникалық байқаудан өтпеген 23 және оған қоса өзге де әкімшілік құқық бұзушылықтар айқындалды.

Осы орайда махамбеттік тәртіп сақшылары көлік жүргізушілерін жолда сақ болуға және жол қозғалысы ережелерін қатаң ұстануға шақырады.

Расул ҚАЙРЕКЕНОВ,

аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің

патрульдік полиция тобының қызмет аға инспекторы,

полиция аға лейтенанты

Сурет: дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521