Аудан аумағында ағымдағы жылдың 9 маусым күнінен бастап "Тұрмыс" іс-шарасы өтуде.
Іс-шараның мақсаты - қылмыстық жағдайды жақсарту, мас күйіндегі ауыр және аса ауыр қылмыстардың алдын алу, отбасылық және тұрмыстық қатынастар саласындағы келеңсіздіктердің алдын алуға негізделген.
Іс-шараға 30-ға жуық қызметкер жұмылдырылып, жергілікті полиция қызметі қызметкерлерінің және полицияның қоғамдық көмекшілерінің бірлескен топтары құрылды. Іс-шара аясында отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар үшін ішкі істер органдарының есебінде тұрған, алкогольдік ішімдіктерді пайдаланатын, қолайсыз отбасылар тұрғылықты жері бойынша тексерілді. Сонымен қатар, Ішкі істер органдарының профилактикалық бақылауына жататын тұлғалар анықталып, есепке қойылды.
Азаматтардың отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар туралы өтініштері бойынша 4 азаматқа қорғау нұсқамасын шығару арқылы әкімшілік ықпал ету шаралары қабылданды.
Шара барысында полиция қызметкерлері азаматтарға «102» телефоны бойынша полиция қызметкерлерін немесе өзінің учаскелік полиция инспекторларын және полицияның аумақтық бөлімдерін, соның ішінде көршілес тұратын және әртүрлі құқық бұзушылықтар жасаған, алкогольдік ішімдіктерді теріс пайдаланатын және есірткі құралдарын пайдаланғаны байқалған адамдар туралы хабардар ету қажеттілігі туралы ескертті.
Лаура ҚУАНЫШБАЕВА,
аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі
бөлімшесінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы,
полиция аға лейтенанты