Қасымхан мешітінің ауласына 841 көшет егілді

мүфтияттың 30 жылдығы құрметіне Атырауда мешіт ашылып, 841 көшет егілген.

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының мәлімдеуінше, мүфтияттың 30 жылдығы құрметіне Атырауда мешіт ашылып, 841 көшет егілген.

«Асыл дініміздің қарашаңырағына айналған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейлі датасы аясында аймақта Қасым хан мешіті ашылды. Махамбет ауданында пайдалануға берілген жаңа мешітті Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы келіп ашты. Сонымен бірге, облыс мешіттері аулаларына 841 көшет егілді. Оның қатарында қара талдармен бірге, жеміс ағаштары да бар. Орталық «Иманғали» мешітінің атсалысуымен бір көпір жөнделіп, шалғай ауылдардан 2 құдық қазылды. Бұдан бөлек, рухани идеологиялық шаралар өткізілді. Олардың қатарында хакім Абайдың қара сөздерін жатқа айтудан жарыс, «Қария батасы ел қазынасы» атты бата жарысы бар» дейді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

Сонымен қатар мүфтияттың 30 жылдық атаулы датасына орай, облыс мешіттерінің ұйытқы болуымен аймақта көкпар ұлттық ойыны, өңірлік волейбол жарысы, 4 мәрте Құран жарысы, 1 мәрте Азан жарысы, Алланың көркем есімдерін айтудан сайыс өткен.

«Жайық-Ақпарат»

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз