Абыройлы атақ ауызбіршілікте

Балама мен поштаны қосқанда 168 газетке жазылды.

Қасиетті Сарайшық ауылының тұрғындары биыл аудандық газетке жазылу науқанына бір кісідей ұйымшылдықпен атсалысып, нәтижесінде жоспарды артығымен орындап, балама мен поштаны қосқанда 168 газетке жазылды.

-Аудандық газет өзге газеттерге қарағанда өзімізге ыстық көрінеді. Өйткені 80 жылға жуық тарихы бар ауданның қарашаңырағы саналатын басылымнан ауыл халқы ауданға қатысты жаңалықтарды оқып отырады. Сүйікті газетіміз жыл өткен сайын замана ағымынан қалмай жаңарып, ұжымы да жасарып келеді. Жастар бар жерде жалын бар екені белгілі. Бұл сөзіме жас журналистер газет бетінде көтеріп жүрген келелі мәселелер дәлел бола алады. Сарайшық ауылы өзге ауылдарға қарағанда жұмыс орны көбірек шоғырланған ауыл болып саналады. Баспасөзге жазылу науқаны кезінде берілген жоспарды артығымен орындауға атсалысқан Қ.Қарашаұлы атындағы мектеп ұжымына, «Бүлдіршін» бөбекжай-балабақшасы ұжымына, көпбейінді ауыл шаруашылығы колледжіне, №1 арнаулы әлеуметтік көмек көрсету орталығына, мәдениет үйі мен медициналық пункт қызметкерлеріне және аудандық газетті жастанып жатып оқитын ардагерлеріміз бен өзге де ауыл тұрғындарына үлкен алғыс білдіргім келеді. Өйткені Сарайшық ауылдық округі газетке жазылым жоспарын артығымен орындады деген абыройлы атаққа жетуімізге ауыл халқының ауызбіршілігі себеп болғаны сөзсіз, – дейді Сарайшық ауылдық округі әкімі Нұрғуат Досқайыров.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT