Жалғансай ауылдық округі де – газетке жазылу жоспарын артығымен орындаған ауылдардың бірі.
-Бүгінгі өмірімізді ақпарат құралдарынсыз көзге елестете алмаймыз. Жер бетінде, елімізде, ауданымызда болып жатқан барлық жаңалықтарды жеткізетін мерзімді басылымдардың қоғам өмірінде орны ерекше. Әлеуметтік желілер дамыса да олар өз мәнін жоғалтпайды. Мерзімді баспасөзге 2021 жылдың І жартыжылдығына жазылуда Жалғансай ауылдық округі аудандық «Жайық шұғыласы» қоғамдық-саяси газетіне берілген 150 дана болжамды 155 етіп, артығымен орындағанын қаперге беремін.
Осыған орай жазылуда белсенділік танытқан ауыл тұрғындарына, жеке кәсіпкерлер Бағыт Каметовке, Әділбек Расулиевке және Тыныштық Байчуаковаға, округтегі бюджеттік мекемелерге алғысымызды білдіреміз. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, жылына екі рет келетін науқанда «елге болсын» дейтін ниеттегі жомарт кәсіпкерлер сөзімізді жерге тастамай, аз қамтылған отбасыларына қол ұшын созып жатады. Оларға жақсылықтарыңыз алдарыңыздан шықсын деген ізгі тілегімізді жеткіземіз, - дейді Жалғансай ауылдық округінің әкімі Ғибрат Ғалымжанұлы.