Қарттар қамқорлықсыз қалмайды

Махамбет ауданының Махамбет, Бақсай, Жалғансай, Сарайшық, Бейбарыс ауылдық округтерінде 62 жалғызілікті қарт қамқорлыққа алынып, 13 әлеуметтік қызметкер 8 түрлі әлеуметтік қызмет көрсетеді.

Жалғызілікті қарттарымыздың арасында кезінде әртүрлі салада қызмет еткендер, атап айтқанда егінші, сауыншы, есепші, мұғалім, мекеме басшылары, әкімдер де бар. Бүгінде олар зейнеткерлік жасқа шығып, қамқорлықты қажет етіп отыр. «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығының 3-қосымшасы «Халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты» бойынша әлеуметтік қызметкер қамқорлығындағы әр адамға аптасына екі рет барып, әлеуметтік қызмет түрлерін көрсетеді.

fley21020

Негізгі қызметі – жалғыз­басты қарттар мен мүгедектердің үйіне барып, күнделікті қажетті әлеуметтік көмек көрсету. Оның ішінде ыстық тамақ, бірінші қажеттілікті азық-түлік тауарларды сатып алу және үйге жеткізу, ас әзірлеуге көмектесу, үйден тыс бір елді мекен шегінде, оның ішінде денсаулық сақтау және басқа да мекеме­лерге қызмет алушылармен бірге ілесіп жүру, тұрғын-жайларды жөндеуді және жинауды ұйымдастыру, тұрғын үй, коммуналдық қызмет төлемдерін төлеу, құжат­тарын рәсімдеуге көмектесу, психологиялық көмек көрсетеді. Зейнеткерлік жасқа жеткен жалғызілікті қарттарды қамқорлап, қызметтер көрсету – бұл біздің баршамыздың міндетіміз.

Г.ҮМБЕТОВА,

аудандық жұмыспен қамту,

әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық

хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT