Махамбетте жұмыссыз азаматтар тест тапсырды

Соңғы жылдары ТШО ЖШС аса қажетті мамандар даярлауға көңіл бөлуде.

«Өнерпаз» мәдениет үйінде Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жұмыспен қамту бөлімінің бас маманы Дина Әбішева, «Теңізшевройль» ЖШС, «АРЕК», «West way service» орталығының мамандары келіп, 100-ге жуық жұмыссыз азаматтарды тестілеуден өткізді.

61020-3

Кездесуді аудан әкімінің орынбасары М.Жұмахметұлы ашып, халықты жұмыспен қамтуда қажетті мамандықтарға оқытуда ТШО компаниясының, оның екі оқу орталығының алатын маңызы зор екенін айтып, жұмыссыз азаматтардың өз саласы бойынша жұмыс табуына тілектестік білдірді. Слайдтар арқылы оқу орындарының базасы, жасақталуы, онда оқытылу жайы көрсетілді. «West way service» оқу орталығында металл, құбыр, электр монтаждаушы, құрылыс сатып алу конструкциясы сынды мамандықтарға оқытатыны жайлы айтылды.

«Атырау-Доссор» бойында орналасқан GATE базасында соңғы үлгідегі онлайн сыныптар, екі мамандық бойынша оқытады.Мұнда сондай-ақ, асхана, практикалық ангар оқып-үйрену алаңы да бар екен. Базада сырқаттансаң, қаралатын медпункт те салыныпты. Ал «Нұрсая» мөлтек ауданындағы оқу орталығында 4 мамандыққа оқытады. Курста оқитындарды тасымалдайтын микроавтобустар да жетерлік. Оқушылар жатақханада жатып, оқу орталығында алты күн бойы оқиды. Оларға тәжірибелі конструкторлар сабақ береді. Оқу орталықтарының стипендиясы ғана жоқ, қалғаны киім, тамақ, жататын орын тегін.

6

АПЕК колледжінен келген маман Асқар Секербаев коллелжде дәнекерлеуші(сварщик) мамандығына 3 ай оқытатынын атап өтті. Металл құбырларын дәнекерлеушілерді де дайындайды. Оқу кабинеттері, 320 орынға арналған. Мұнда да басқа оқу орталықтарындағыдай заманауи үлгіде жабдықталған жатақхана бар. Іс-тәжірибе барысында үйренушілердің қауіпсіздік шараларына баса назар аударылады. Жеті нұсқаушы сабақ береді. Оқып шыққан біраз жігіттер өз кәсібін ашып кеткен көрінеді. Көп адам шәкіртақы неге төленбейтінін сұрады. Сонымен қатар «Қай проектіге оқытады?», «Сертификат халықаралық па?», «Өздері оқыған соң жұмысқа орналастыра ма?» деген сауалдар да қойылды.

«Бәріне бірдей жұмыс тауып бере алмаймыз. Барымызша жұмысқа орналасу үшін ТШО-ның мердігер фирма, компанияларына түйіндемелеріңізді ұсынамыз. Мүмкіндігінше тырысамыз» деп жауап берді мамандар.

61020-1

Одан әрі жұмыссыз азаматтар мамандықтары бойынша тест тапсырды.

А.ҚУАНЫШҚАЛИЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521