Көктемгі әскерге шақыру науқаны басталды

Ағымдағы жылдың көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстары жүргізілуде.

2021 жылғы 5 ақпандағы №503 «Қазақстан Республикасының азаматтарын 2021 жылдың наурыз-маусымында және қыркүйек-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығын орындау мақсатында Махамбет ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бойынша азаматтарды 2021 жылғы көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстары жүргізілуде.

Ақпан айынан бастап 18 бен 27 жас аралығындағы жастар қорғаныс істері жөніндегі бөлім арқылы мерзімді әскерге шақырылады. Кезекті әскерге шақыру жасағын орындау бойынша әскер жасындағы жастарға хабарлау, шақыру қағазын тарату, дәрігерлік тексеру жұмыстары жүргізілуде.

2021 жылдың көктемінде кейінге қалдырылуға немесе босатылуға жатпайтын мерзімді әскери қызметке 18 бен 27 жас аралығындағы азаматтар жатады. Заңға сай мерзімді әскери қызметтен денсаулық, отбасылық жағдайына оқуды жалғастыруға және т.б. дәлелді себептер бойынша босатылады.

Е.АЙТЖАНОВ,

аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығы,

подполковник

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT