Жұмыспен қамту – негізгі мақсат.
Махамбет аудандық пробация қызметі және аудандық жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен Пробация қызметі тобының есебінде тұрған жұмыссыз сотталғандар арасында жұмыссыздықты жою мақсатында жәрмеңке ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – пробация қызметінің есебінде тұрған жұмыссыз сотталғандарды жұмыспен қамти отырып, қайта қылмыс жасауына жол бермеу.
«Карат» ЖШС мекемесі қатысқан жәрмеңке барысында сотталған азаматтарға қызметтер ұсынылып, жұмыс барысы түсіндірілді.
А.МОЛДАШЕВА,
аудандық пробация қызметі тобының аға инспекторы,
әділет капитаны