Пробация есебінде тұрғандармен кездесу өтті

Құқық бұзушылықтын алдын алу.

Полиция капитандары Бауыржан Аманов, Қайырғали Сейсенбаевтар пробация қызметі тобының есебінде тұрған сотталғандармен құқық бұзушылықтын алдын алу мақсатында кездесу ұйымдастырған еді.

Кездесуде учаскелік полиция инспекторы, капитан Бауыржан Рашитұлы сотпен белгілеген міндеттерді дұрыс орындау, атап айтқанда мінез-құлқыларына есеп беруге келіп, кешкілік уақытта үйлерінде болуды, әкімшілік жауапкершілікке тартылмауды, адам баласы болғасын бір қателікке ұрынған жағдайда сол үшін өздерін шеттетпеуді тапсырды. Сонымен қатар іс-шарада аудандық пробация қызметі тобының аға инспекторы, әділет капитаны Айгүл Молдашева да өз пікірін қосты.

Ол осы жылдың наурыз айының 15-24 аралығында «Пробация» атты республикалық профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатқанын, жалпы сотталғандар сот тағайындаған жаза түрін өтеудің тәртібі мен жағдайлары туралы ақпарат алуға құқықтары барын, атап айтқанда қоғамдық тәртiптi бұзбау, тұрғылықты мекенiн пробация қызметінің рұқсатынсыз ауыстырмау, жұмыс, сабағынан бос уақытында тұрғылықты жерінде болу, қала, аудан аумағын ешқайда кетпеу, өзiнiң тәртiбі туралы пробация қызметінің алдында есеп беру, тіркелу күндеріне уақытылы келу, қоғамдық тәртiптi бұзбау, жаңадан қылмыс жасамау көзделетінін жеткізді. Әрі қайталап қылмыс жасауға жол бермеу, бар болғаны сот талаптарын орындаса жеткілікті екенін қаперледі.

А.КАБДЫКАЙРОВА,

аудандық пробация қызметі тобының инспекторы,

әділет капитаны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT