Махамбет ауданының көлемінде орналасқан мекемелерде, ғимараттарында айына 1 рет өрт тактикалық сабақ өткізіліп тұрады.
Осы мақсатта жоспарға сай облыстық №2 көмекші мектеп интернатының қызметкерлерімен бірлесе отырып, 2021 жылдың 16-19 наурыз күндері бөлімнің жеке құрамымен өрт тактикалық сабақтары өткізілді. Өрт тактикалық сабағының мақсаты 1-ші және кезекті өрт сөндіру жетекшілерін өрт жағдайында сыртқы белгілеріне, барлау жүргізуге, күштер мен құралдарды қоюға, шешуші бағытты анықтауға жаттықтыру. Учаскенің басшыларымен жеке құрамды учаскедегі іс-қимылдарды шапшаң әрі тиянақты орындауға дайындау. Жеке құрамды жаттығу өткізілген ғимараттын әкімшілік басқа да бөлімшелерімен жедел тактикалық мақсатта таныстыру болып табылады.
Өрт тактикалық сабағы өз деңгейінде өткізіліп, аталған мекеменің шаруашылық меңгерушісінің қатысуымен ғимаратқа қысқаша сипаттама берілді. Өрт тактикалық сабақтың мақсаты - өрт болған жағдайда ғимарат ішінде адамдарды құтқару және қауіпсіз орынға шығару және алғашқы медициналық көмек көрсету. Орын алған өртті қысқа уақыт ішінде ауыздықтау.
Ержан АХАНОВ,
аудандық №11 өрт сөндіру бөлімі бастығы,
азаматтық қорғау капитаны