«Президент Жолдауы: Жастар әлеуетін ашудың жаңа кезеңі»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы ел дамуының жаңа кезеңіндегі нақты басымдықтарды айқындап берді. Бұл құжатта жастар саясатына ерекше мән беріліп, жас ұрпақтың сапалы білім алуы, еңбек нарығында сұранысқа ие болуы және елдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласуы негізгі міндет ретінде белгіленді.
Президент атап өткен «Әділетті Қазақстан» қағидаты – жастар үшін үлкен мүмкіндік. Себебі әділетті қоғам тек заң мен тәртіпке ғана емес, тең мүмкіндікке, ашықтық пен жауапкершілікке негізделуі тиіс. Жолдауда жастарды қолдаудың нақты тетіктері, әсіресе жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті дамыту, ауыл жастарына жағдай жасау мәселелері жан-жақты қамтылды. Бұл – өңірлік деңгейде жастармен тікелей жұмыс істеп отырған біз үшін аса маңызды бағыттар.
Махамбет аудандық Жастар ресурстық орталығы үшін Жолдауда көтерілген бастамалар өз жұмысымызды жүйелеуге, жаңа жобаларды іске асыруға серпін береді. Бүгінде жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, патриоттық тәрбие беру, еріктілік қозғалысты дамыту және жас мамандарды қолдау – біздің басты міндетіміз. Президенттің жастарды елдің басты стратегиялық ресурсы ретінде қарастыруы орталық қызметінің маңызын одан әрі арттыра түседі.
Президент Жолдауы – жастардың әлеуетін толық ашуға бағытталған нақты іс-қимылдар жоспары. Біз өз тарапымыздан осы міндеттерді жүзеге асыруға белсенді атсалысып, аудан жастарының дамуына, ел болашағына үлес қоса береміз.

Ақжол Қонысбаев,
Махамбет аудандық Жастар ресурстық орталығының басшысы

#ПрезидентЖолдауы #ЖастарСаясаты #МахамбетЖастары #ЖастарРесурстықОрталық #ӘділеттіҚазақстан #ЖастарӘлеуеті #Еріктілік #ПатриоттықТәрбие #КәсіпкерлікЖастар #ЖастарДамуы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT