#ЗАҢменТӘРТІП
#ЗАКОНИПОРЯДОК
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын білім бер ұйымдарының теңгеріміндегі «Газель» маркалы автокөліктерге тексеру жұмыстары жүргізілді.
Тексеру барысында автокөліктердің техникалық жай-күйі, қауіпсіздік талаптарының сақталуы, тасымалдау ережелерінің орындалуы, сондай-ақ қажетті құжаттарының болуы назарға алынды.
Тексеру қорытындысы бойынша жүргізушілерге қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, анықталған кемшіліктер бойынша тиісті ескертулер берілді.
Аталған іс-шаралар жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және жолаушылардың, оның ішінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.


