Президент Жолдауы: денсаулық сақтау саласының жаңа бағыты

#ПрезидентЖолдауы #ДенсаулықСақтау #Медицина #ХалықДенсаулығы #СалауаттыӨмір
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы – ел дамуының негізгі басымдықтарын айқындайтын маңызды құжат. Жолдауда денсаулық сақтау саласына ерекше көңіл бөлінуі медицина қызметкерлері үшін үлкен маңызға ие.
Президент халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруды басты міндет ретінде атап өтті. Алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту, ауылдық елді мекендердегі медициналық қызмет деңгейін көтеру, заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету – халық денсаулығын жақсартуға бағытталған нақты қадамдар.
Сонымен қатар, медицина қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту, кадр тапшылығын азайту, дәрігер мәртебесін көтеру жөніндегі бастамалар сала мамандарына көрсетілген қолдау деп білеміз. Бұл өз кезегінде медициналық қызметтің сапасын арттыруға оң әсер етеді.
Жолдауда профилактикалық медицинаға, аурудың алдын алуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға басымдық берілуі де өзекті. Бұл бағытта дәрігерлер халықпен тығыз байланыста жұмыс жасап, алдын алу шараларын күшейтуі тиіс.
Президент Жолдауы денсаулық сақтау жүйесін жаңғыртуға және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды бағдарлама. Дәрігерлер қауымы бұл міндеттерді жүзеге асыруға дайын.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT