Президент Жолдауы – ел қауіпсіздігі мен жастар жауапкершілігінің кепілі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы елдің тұрақты дамуы мен ұлттық қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған нақты міндеттерді айқындап берді. Жолдауда қорғаныс қабілетін күшейту, әскердің кәсіби деңгейін арттыру және жастардың Отан алдындағы жауапкершілігін күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Әскери қызмет – әрбір азаматтың конституциялық борышы әрі ел болашағы үшін маңызды міндет. Президент атап өткен «Заң мен тәртіп» қағидаты әскери қызметке шақыру жүйесінде де әділдік пен ашықтықты қамтамасыз етуге негіз болады. Бұл – жастар арасында патриоттық рухты нығайтып, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыратын маңызды бағыт.
Жолдауда айтылған бастамалар әскерге шақыру ісін жүйелеуге, жастарды әскери қызметке дайындауға және олардың әлеуметтік қорғалуын күшейтуге оң әсер етеді. Бұл өз кезегінде ел қорғанысын нығайтып, қауіпсіз Қазақстанды қалыптастыруға қызмет етеді.

Жұмағалиева Райса Халыққызы
Инспектор (әскери қызметке шақыру жөнінде)

#ПрезидентЖолдауы #ӘскериҚызмет #ҰлттықҚауіпсіздік #ПатриоттықТәрбие #ЗаңменТәртіп

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT