Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың ел өміріне тікелей әсер ететін ауқымды реформалар мен шешімдердің нақты қозғаушы күшіне айналғанын атап өтті. Құрылтай мүшелерінің ұсыныстары негізінде 26 заң қабылданып, оның практикалық маңыздылығы айқындалды. Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қорғау, лудомания мен нашақорлыққа қарсы күрес, ономастика саласын реттеу және еңбек адамдарының мәртебесін арттыру бағытында нақты шаралар жүзеге асырылды. Сонымен қатар «ұлттың жаңа сапасын» қалыптастыратын негізгі құндылықтар айқындалып, ішкі саясаттың басты қағидаттары бекітілді. Ендігі міндет – бұл бастамаларды жүйелі әрі тиімді түрде іске асыру.
#ҰлттықҚұрылтай #ҚоғамдықРеформа #ӘділеттіҚазақстан #ЗаңЖәнеТәртіп #ҰлттыңЖаңаСапасы
Ілес Боранбай
Алға мәдениет үйінің директоры


