Президент Жолдауында жастар саясаты мен болашақ ұрпақты қалыптастыру мәселесі ел дамуының ұзақмерзімді басым бағыты ретінде кеңінен қозғалды.

Мемлекет басшысы қазіргі жастар – Қазақстанның ертеңгі тірегі екенін атап өтіп, олардың сапалы білім алуына, ғылым мен технологияны меңгеруіне, шығармашылық және кәсіби әлеуетін толық іске асыруына жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізді.
Жолдауда жастарды жұмыспен қамту, лайықты еңбек жағдайын жасау, жас мамандарға қолдау көрсету, сондай-ақ кәсіпкерлік бастамаларды дамытуға мүмкіндік беру қажеттігі нақты айтылды. Бұл өз кезегінде жастардың ел ішінде тұрақтап, қоғам өміріне белсенді араласуына жол ашады. Сонымен қатар патриоттық тәрбие, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жауапкершілігі жоғары әрі бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу мәселелері де назардан тыс қалған жоқ.
Президент жастар саясаты тек әлеуметтік қолдаумен шектелмей, олардың қоғамдық өмірге, басқару жүйесіне және ел дамуының маңызды шешімдеріне қатысуына жағдай жасауды көздейтінін атап өтті. Болашақ ұрпақтың зияткерлік деңгейі мен рухани тәрбиесі – мемлекеттің тұрақты дамуының негізгі кепілі екені Жолдаудың басты өзегіне айналды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT