Премьер-Министрдің орынбасары Махамбет ауданы тұрғындарымен кездесті

Ауылдағы жұмыспен қамту мәселесіне «Ауыл аманаты» жобасы септігін тигізуде. Оның болашағы мен мүмкіндіктері туралы Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов Махамбет ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтты. 

-Көктем – бастаманы өз қолыңызға алу, өз бизнесіңізді бастау уақыты. Оның үстіне мемлекет жеке қосалқы шаруашылықты немесе кәсіпкерлікті дамыту үшін жеңілдетілген пайыздық мөлшерлемемен қолайлы жағдайлар, несиелік демалыстар және басқа да мүмкіндіктер береді. Облыс әкімдігінің тапсырысына сәйкес «Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыру үшін Атырау облысына 1 миллиард 504 миллион теңге бөлінді. Бұл қаражатқа 188 несие беріп, 200-ге жуық жеке қосалқы шаруашылық құру жоспарлануда», – деді Премьер-Министрдің орынбасары.

Кездесуде ауыл тұрғындары да өз мәселелерін айтты: абаттандыру, жол, сумен қамтамасыз ету, т.б. 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521