Махамбет ауданында волейболдан республикалық турнир басталды

Махамбет ауданында білім беру саласының үздігі, ауыл спортының жанашыры Марат Әменовті еске алуға арналған 2006-2007 жылғы жасөспірім қыздар арасындағы волейболдан республикалық турнир басталды. Бесінші жыл қатарынан өткізілген турнирде Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарынан барлығы 17 команда өзара бақ сынаспақ.

 Турнирдің ашылу салтанаты Марат Қалабайұлын бір минуттық үнсіздікпен еске алудан басталды. Махамбет аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Асылжан Қайырғалиев, аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Абат Қабенов және аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Самат Жайлашев сөз алып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

- Марат Әменов мектеп жанындағы интернат мекемесінде тәрбиешілік қызмет атқарды. Оның көптеген шәкірттері аудандық, облыстық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары атанды. Шығармашылық бағыттағы өз елінің патриоты ретіндегі жұмыстары бір төбе. Әуесқой спортшы ретінде ауыл жастары мен мектеп оқушыларын спортқа баулу арқылы жас ұрпақтың бойына достық пен татулықты, жауапкершілікті, тәртіпті сіңірді. Ұрпақтарының мақтанышы болған Марат Қалабайұлын біз мәңгілік есте сақтаймыз,- деді туыстары атынан сөз алған С.Жайлашев.

Айта кетейік, республикалық турнир бес күнге жалғасады.

                         Жайық-Ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз