Есім Мұратов Ақтоғай ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды

Махамбет ауданы әкімінің 2023 жылғы 24 сәуірдегі №131 өкімімен Есім Мұратов Ақтоғай ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.

Мұратов Есім Бекжанұлы 1968 жылы 28 наурызда Гурьев облысы, Исатай ауданы, Чапаев селосында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. Тағайындалғанға дейін 2020 жылдың қараша айынан қазірге дейін Ақтоғай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы қызметін атқарып келді.

Естеріңізге сала кетейік, 23 сәуір күні Ақтоғай ауылдық округінің әкімінің сайлауы өтіп, оған өзін-өзі ұсыну тәртібімен 3 кандидат қатысқан болатын. 402 адам тіркелген #234 сайлау учаскесінде дауыс беру өз деңгейінде өтті. Үш кандидаттың сенімді өкілдері қатысты. Дауыс берудің басымдығымен Есім Мұратов басым түсті.

А.САТАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT