Праймериз: партияның жақтастар лигасы Махамбетте

«Nur Otan» партиясы Саяси менеджмент мектебі директорының орынбасары Сәуле Серікқызы мен партияның жақтастар лигасының мүшесі Бауыржан Серікбаев өңірімізге келіп, партияішілік сайлауға қатысушы үміткерлермен кездесу ұйымдастыруда.

p

Түрлі сала өкілдерін біріктірген «Жақтастар лигасының» мақсаты – сайлаудың барынша ашық әрі әділ өтуін бақылау. Егер қандай да бір заңбұзушылықтар орын алса, дер кезінде шешуге жұмылдырылатын болады.

- Әр облысты аралап, жергілікті кандидаттармен кездесу өткізіп келеміз. Дебат өткізу барысында барлығы дұрыс жүргізіліп жатыр ма, бастауыш партия ұйымдардың барлығына теңдей мүмкіндік қарастырылған ба, жерглікті жерде дауыс беруге барлығы дайын ба! Осы сұрақтарға жауап іздеп келе жатқан жаймыз бар,- дейді «Nur Otan» партиясы жақтастар лигасының мүшесі Б.Серікбаев.

p

Партияның аталған өкілдері Махамбет ауданына ат басын тіреп, кандидаттардың ой-пікірлерін тыңдады. Ауданда праймеризге 29 үміткер тіркеліп, бақтарын сынауда. Оның ішінде 12 үміткер Бастауыш партия атынан ұсынылса, 17-сі өзін-өзі ұсынғандар. Бүгін Праймериздің алғашқы дауыс беру кезеңі басталғанын еске саламыз. Дауыс беру кезеңі 3 қазан күні сағат 15-00-де аяқталады.

Қ.АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз