Ауылдың әлеуеті — елдің әлеуеті

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қатысуымен елордада «Ауыл әкімдерінің диалог-платформасы» атты республикалық форум өтті. Аталған форумға еліміздің барлық өңірлерінен келген ауылдық округ әкімдері қатысып, өзара тәжірибе алмасып, жергілікті басқару жүйесін дамыту бағытында өзекті мәселелер мен шешу жолдарын талқылады.

Президент өз сөзінде ауыл – елдің тірегі екенін атап өтіп, ауыл әкімдерінің рөлін күшейту, халықпен ашық әрі тығыз байланыс орнату, тұрғындардың мұң-мұқтажына дер кезінде назар аудару қажеттігін ерекше айтты. Ауыл әкімдері – елмен ең жақын жұмыс істейтін басқару буыны ретінде үлкен сенім мен жауапкершілік жүктеліп отыр.

Форум аясында төмендегі негізгі бағыттар қозғалды:
- Ауыл шаруашылығын қолдау және жергілікті кәсіпкерлікті дамыту,  
- Жастарды жұмыспен қамту және қолдау,  
- Өзін-өзі басқару тетіктерін жетілдіру,  
- Бюджетті тиімді жоспарлау және инфрақұрылымды жақсарту,  
- Цифрландыру мен мемлекеттік қызмет сапасын арттыру,  
- Ашықтық пен жауапкершілік принциптерін енгізу.

Біз де осы мүмкіндікті пайдаланып, ауылдарда кездесіп отырған нақты мәселелер мен ұсыныстарымызды жеткіздік. Форумда көтерілген ойлар мен ұсыныстар болашақта нақты шешімдер қабылдауға негіз болады деп сенеміз. Бұл – ауылдық жерлердің дамуына серпін беретін маңызды қадам.

Ермұрат Сұлтанов,

Бақсай ауылдық округінің әкімі

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT