«АМАNAT» партиясы Махамбет аудандық филиалында саяси кеңес бюросының отырысы өткен еді. Жиынға партия филиалының атқарушы хатшысы, депутаттар, бюро мүшелері қатысты. Жиынды «АМАNAТ» партиясы филиалының атқарушы хатшысы Руслан Әженов ашып, күн тәртібіне үш мәселені ұсынды.
Атап айтсақ, олар мәслихат депутаттары, аудан әкімі орынбасарлары, мемлекеттік органдар басшыларының 2025 жылғы азаматтарды қабылдау кестесін бекіту, филиал жанындағы партиялық бақылау комиссиясының 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту, партияның депутаттық фракциясының биылғы жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы мәселелер қаралып, шешім қабылдады.
А.ҚУАНЫШҚАЛИЕВА