Тұрғындарды толғандырған тұрғын үй

Махамбет ауданының әкімі Қ.Нұрлыбаев қабылдау өткізіп, ауыл азаматтарының өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Баспа­на, ауыз су, жер, жол салу және өзге де мәселелерді көтерген тұрғындарға аудан басшысы заң аясында жауап берді.

Махамбет ауылының тұрғыны Ж.Исмағұлова ауыз су, көше, ауылішілік жолдар мәселелерін көтеріп, «Махамбет-Атырау» бағытындағы ав­тобус жайын да қозғады. Ауылдағы З.Ещанова көшесінің тұрғыны, ІІ топ мүгедегі Н.Ергалиева балаларының тұрғын үй мәселесімен келіпті. Отба­сында келіні М.Молданова көп балалы ана ретінде үй кезегінде №244 болып тұрса, ал қызы А.Ерсайынова да көп балалы санатымен кезекте №108 болып тұр екен.

Талдыкөл ауылының тұрғыны Ф.Тлеулина тұрғын үйін мемлекетке сату мәселесін көтерсе, талдыкөлдік тағы бір тұрғын Ұ.Ажғалиева жеке тұрғын үйін апаттық деп тану мәселесін алға тартты.

Ауыл тұрғыны Ж.Дүйсенбаева да тұрғын үймен көмектесуді сұрады. Ол толық емес отбасы санаты бой­ынша үй кезегінде №167 болып тұр. Аудан басшысы аудан тұрғындары үшін өткен жылы 46 пәтер сатып алынғанын, бірақ ол үйлердің құжаты кейін берілетінін айтты. Бүгінде ке­зекте 1361 кезек адам тұрса, тұрғын үй кезегі Қазақстан бойынша жүретінін және тек заңдылықпен берілетінін атап өтті. Махамбет ауылының тұрғыны Ә.Құсайнова да бюджеттік сала қызметкері ретінде 2013 жылдан тұрғын үй кезегінде тұрғанын айтты. Тізімде №24 болып орналасқан оған баспана көпқабатты үйден берілетіні айтылды. «Мерей» мөлтек ауданының тұрғыны Б.Есбосынова да тұрғын үймен кемектесуді сұрады. Бюджеттік санатымен кезегі №13 болып тұрған ол «Бюджеттегілер кезегі неге жыл­жымайды?» деген сауалын да қойды. Осы ретте аудан әкімі үй кезекпен ғана берілетінін, жер үй тек аз қамтылған отбасыларға екенін, ал бюджеттегілер кезегімен баспананы 60 пәтерлік тұрғын үйден алатынын атап өтті. Сарытоғай ауылының тұрғыны Н.Құрақбаеваны да толғандырған тұрғын үй мәселесі екен. Нұргүл көп балалы, екі мүгедек баласы бар ана санатымен кезекте №91 болып тұр. Әйтсе де ол үй кезегі жыл­жымайтынына ренішін білдірді. Ма­хамбет ауылының тұрғыны Р. Абилтае­ва тұрғын үйі апаттық жағдайда екенін және т.б жеке мәселелеріне қатысты сұрақтарын қойды. Тұрғынның уәжін мұқият тыңдаған аудан басшысы оның мәселесін аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жолдады.

Бақсай ауылдық округіне қарасты «Комплекс» қыстағының тұрғыны Ж.Жұбанышев тұрып жатқан үйі ескі, қолайсыз екенін айтып, баспа­на сұрады. Алайда, тұрғын үй кезегіне енді ғана тіркелгенін жасырмады. Со­нымен қатар, «Комплекс қыстағына газ тартуға бола ма?» деген сауалын да қойды. Аудан басшысы «Комплекс» қыстағы сонау кеңес заманынан бері қыстақ болып есептелетінін, ал қыстаққа мүлдем газ өткізілмейтінін, ол заңсыз екенін ашық айтты.

М.Мөңкеұлы көшесінің тұрғыны А.Құлжанова да көп балалы ана сана­тымен тұрғын үй кезегінде тұр. Алайда жолдасының атында үй болуына бай­ланысты кезектен шығарылатынын ескерткенін айтып, көмек сұрады. Жолдасының атындағы жалғыз ба­спана да самантастан салынған, оның өзі толықтай аяқталмаған. Алғаш рет кезекке 2008 жылы тіркеліп, бірақ 2012 жылы кезектен шығып қалып, 2019 жылдан бастап қайта қосылған. Мүмкіндігі шектеулі мүгедек бала мен қарттарын бағып отырған көп бала­лы анаға баласының кезегін күтуден басқа шешім жоғы айтылды. Себебі, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас ма­маны Р.Тәжбентаевтың айтуынша, аталмыш тұрғын үйге акт жасалмай­ды, апаттыққа мүлдем жатпайды. Ау­дан басшысы да кезексіз ешкімге үй берілмейтінін тағы бір мәрте ескертті.

Ауыл тұрғыны Д.Суздольцев ІІ топ мүгедегі екен. Атасымен ғана тұратын ол да өз санатымен үй кезегінде №171 болып тұр. Денис ауылымыздағы №2 арнаулы мектеп-интернаттың түлегі. Қазіргі таңда денсаулығына қарамастан, екі қолға бір күрек деп мешітте қызмет етіп жүр. Ата-анасы, қамқоршысы жоқ мүмкіндігі шектеулі жанның да баспанаға кезекпен ғана қол жеткізетіні айтылды.

Тұрғын үй мәселесімен келген Г.Сұлтанова өзі ІІІ топ мүгедегі, жұмыссыз екен. Мемлекеттік тұрғын үй кезегіне тіркелмеген. Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолау­шылар көлігі және автомобиль жолда­ры бөлімінің бас маманы Р.Тәжбентаев ІІІ топ мүгедегі кезекке тұра алмай­тынын айтты. Шоқпаров көшесінің тұрғыны Б.Есекенова да тұрғын үймен көмектесуді сұрай келіпті. Ол көп ба­лалы санатымен тұрғын үй кезегі №128 екенін, ұлы ІІ топ мүгедегі екенін ай­тып, тұрғын үй Атырау қаласынан болса деген өтінішін жеткізді. Аудан әкімі Қайрат Есқабылұлы қаладан үй аламын деушілерге Отбасы банктің «Берекелі баспана», «Бақытты от­басы» бағдарламаларына қатысып, жеңілдіктерін пайдалануға да бола­тынын айтты. Талдыкөл ауылының тұрғыны Н.Есенғалиева тұрғын үй кезегінде №81 болып тұр. Бір үйде үш отбасы бірге тұратынын, ол кісі 90 жасқа келген тыл ардагері екенін білдік. Талдыкөлден тұрғын үйлер са­лынса деген ұсыныс та болды. Аудан басшысы кезекті басқа отбасының мүшесіне ауыстыруға болатынын айт­ты.

ЖҰМЫССЫЗДЫҚ, СУ МЕН ЖЕР ЖАЙЫ ДА АЛАҢДАТАДЫ

«Самал» ықшам ауданының Әбілқайыр хан көшесінің тұрғыны Н.Баймұханов аудандық Ман­сап орталығына жұмыссыз ретінде тіркелгенімен, тұрақты қызметке ор­наласа алмай жүргенін айтты. Бұл мәселе бойынша орталық басшысы А.Нұрғазина жауап берді:

- Ауыл тұрғынының жағдайын ескере отырып, бірнеше мекеме­ден жұмыс ұсындық. Әйтсе де бас тартты. Денсаулығына байланы­сты мамандығына сай жеңіл жұмыс сұрайды. Нақтырақ айтқанда, газ опе­раторы, күзетші бойынша. Алайда, дәл қазір ол мамандықтар бойынша бос орындар жоқ. Жұмыс мәселесімен Мансап орталығына бірнеше мәрте келген Н.Баймұханов сонымен қатар, өзі тұратын көшеде ауыз су мен жол мәселесі де шешімін таппай жатқанын атап өтті.

Тұрғын С.Жетібай «Еламан ата» бейітін су басуына байланысты техни­камен көмектесіп, сол жерге бөгет соғу мәселесін де көтеріп, 1 га жерді қоршап беруді сұрады. Өткен жылы Тереңөзек тасуына байланысты, өткелге екі тұрба қойылса деген уәжін қосты. Аудан әкімі өткелді барып көріп, бөгет салуды да көрген соң шешетінін жеткізді.

Ауыл тұрғыны Г.Демишева үй жа­нынан тұрба жарылып, су кеткенін, айнала күл-қоқысқа толып жатқанын, тіпті шарбағына да лақтырып кететінін айтып, көшеге қоқыс жәшігін қоюды сұрады. Ол ауылдық округ әкіміне ба­рып айтса да ешкім құлақ аспағанын, келмегенін, ең болмаса бір қоқыс жәшігін қойса деді. Аудан әкімі ауылдық округ әкіміне жарылған тұрба мәселесін тез арада шешуді тап­сырды. Қоқыс жәшігі әр көшеге біреу қойылатынын ескертті.

А.Дюсупов көктемгі су тасқыны кезінде 2024 жылдың 3-21 сәуір аралығында КАМАЗ автокөлігімен жалданып жұмыс жасаған екен. Бүгінде сол жұмысының еңбекақысын әлі ала алмай жүргенін айтты. Аудан басшысы бюджеттен арендаға алған автокөліктердің қаражатын төлеп, мәселені шешкенін айтады. Алайда, табельсіз ақша берілмейтіндіктен, бұл қаражатты «Павлодар Өзен Порты» шешуі керектігі ескертілді. Бүгінде алажағы 1 млн теңге болған түрғынның мәселесін шешуді аудан әкімінің орын­басары А.Аймұратов пен аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысы А. Шакимов­ке тапсырды.

Сарайшық ауылының тұрғыны А.Құспанғалиев субсидия, су, жер мәселелерімен келгенін айтты. Сарайшықта 720 га жер телімінің шешімін жоғалтып алған ол көмектесу- ді сұрады. Аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы А.Салиев ол жердің құжаты жоқ екенін, тек кадастр актісі баланста тұрғанын айтты. Әкім жерді анықтау үшін сотқа беру керектігін ұсынды.

«Қазақ соқырлар қоғамы» ҚБ өкілі Г.Иманалиева қоғамның филиалында 50 адам барын, оны аудан орталығынан да ашу үшін лайықты ғимарат керектігін алға тартты. Бүгінде штатқа бір адам алып, жұмыс жасап жатқан Гүлшат Сатбайқызы көз дәрігері керек екенін де айтты. Аудан басшысы ғимарат мәселесі алдағы уақытта шешілетінін, облыстан ауданымызға офтольмолог маман (көз дәрігері) келсе, қызметтік үй мәселесін шешіп беремін деді.

«Шаттық» мөлтек ауданының Ә.Марғұлан көшесінің тұрғыны Б.Дайрбаева су тасқыны кезінде үйінің қоршауы бұзылғанын айтып, қалпына келтіруге өтемақы сұрады. Әкім жердің өтемақысы берілетінін, жалпы тұрғын үйді қоршау керектігін, ол не­мен, қалай қоршалатынын шешкен соң ғана көмектесетінін мәлімдеді.

Зейнеткер С.Рамазанова қабылдау- ға қызының мәселесімен келіпті. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған инватакси мәселесін шешіп беруді өтінді. Әкім инватаксиді «Ақжол» ҚБ ұтып алғанын, бүгінде бірлестік келісімшартқа отырып жатқанын, порталға мемлекеттік сатып алуға тіркелген соң ғана инватакси жүретінін айтты. Аудан басшысы қабылдауға кел­ген тұрғындарға заң аясында түсінік беріп, Махамбет ауылдық округі әкімі міндетін атқарушы А.Мұқанғалиевқа азаматтардың өтініш-тілектерін жан- жақты қарауды тапсырды.

А.ҚУАНЫШҚАЛИЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT