Автобус неге аялдамаға тоқтамайды?

Сартоғай-Махамбет-Атырау бағытында жолаушылар тасымалдайтын автобусқа бүгінде тұрғындар арасында сұраныс жоғары. Осыған дейін жолаушыларға билет сату бір бағытта жүзеге асса, енді ар­найы бағдарламаның көмегімен онлайн билет екі бағытқа да қолжетімді.

Сонымен қатар, көпшіліктің ұсынысымен «Бизнес инкубатор» ғимаратынан оффлайн билет сату кас­сасы да жұмыс жасап тұр. Іші жылы, жайлы, бастысы жүру уақыты реттел­ген, діттеген жерге жеткізетін автобу­стар әсіресе, көп балалы отбасыларға қолайлы. Алайда, соңғы уақытта автобустың аялдамаға тоқтауына қатысты наразылық білдіріп, аудан әкімдігінің телеграмм чатына жа­затын жолаушылар көбейіп кетті. Осы ретте «Автобус неге тұрғындар айтқан аялдамаға тоқтай алмайды?» деген сауалды қоғамдық көліктің жүргізушілеріне жолдадық.

ИП «Қосыбаева» ұсынған Сарытоғай- Махамбет-Атырау» бағытындағы жолаушылар тасымалына арналған автобустың жүргізушісі С.Жұмабаев:

– Қазіргі таңда жолаушылар тасы­малына арналған автобусымыздың тоқтауға белгіленген 5 аялдама орны бар. Оның үшеуі Махамбет ау­ылында, екеуі Сартоғай ауылына қарасты. Ал, тұрғындардың талабы «Жайық шұғыласының 50 жылдығы» көшесі бойындағы бағдаршамға жақын аялдамаға тоқтау болып отыр. Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі туралы заңына сәйкес аялдама бағдаршамға дейін 30-35м, бағдаршамнан кейін 40 м ара қашықтықта салынуы керек. Бұл аймақта сол заңдылық сақталмаған. Аялдаманың автобус тоқтайтын алаңы тар. Жолаушыларды түсірген жағдайда қарсы бағыттағы көлік құралдарына кедергі келтіріп, жол-көлік оқиғасы туындау қаупі бар. Сондықтан авто­бус тек аялдамасы қолайлы, алаңқайы ашық жерлерге ғана тоқтап жүр,-дейді.

Аудан орталығында өткен жылы аял­дамалар салынып бастады. Мемлекет- тік тапсырыс беруші аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жо­лаушылар көлігі және автомобильжол­дары бөлімі. Осы ретте бөлім басшы­сы Асылхан Шакимовтың да жауабын тыңдап көрдік.

– Автобус аялдамаларының са­лынуы жоспар бойынша 2024-2025 жылдарға арналған ауылішілік автомо­биль жолдарының сметалық құжатына енгізілген. Осы ретте жол салу жұмысы ағымдағы жылдың маусым айына дейін жалғасатындығын ескере оты­рып, аялдамаларды тапсырыс беруші толық қабылдамағанын ескертеміз. Асфальт жабындылары әлі төселмеген. Сонымен қатар, егер Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі туралы заңына сәйкес аялдамалардың орналасу аймағы, ара қашықтығында қателіктер орын алса, арнайы комис­сия тексере алады,-деп жауап берді А.Шакимов.

А.ҚАНАТБАЙҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT