Парламенттің сегізінші сайлауы басталды

Маңызды сәт еліміздің Әнұранымен басталды.

Маңызды сәт еліміздің Әнұранымен басталды.

Жексенбі, 2021 жылдың 10 қаңтары, таңғы сағат 07:00. Мемлекет тарихында тәуелсіздік алғаннан бері өткізілгелі отырған Парламенттің сегізінші сайлауы басталды. Қашанда сайлауға белсенді түрде қатысатын махамбеттіктер де жексенбі күнге қарамастан таңмен таласа сайлауға асықты.

Д.Төленов атындағы мектеп-гимназия қабырғасында орналасқан №217 сайлау учаскесіне біз де ат басын бұрдық. Есіктен кірген сәттен-ақ, қорғаныш киімін киіп, қажетті құралдармен жарақталған дәрігер күтіп алып, температурамызды өлшеуге кірісті.

21712345567

Маңызды сәт еліміздің Әнұранымен басталды. Учаскеге таңғы 7-ні күтпестен ең алғашқы сайлаушы да келе қалды. Үш бюллетеньді қолына қыстырып әкеліп, сайлау  жәшігіне күмп еткізді.

21712345

 

- Әлемді жайлаған індет кезінде сайлаудың өткізілуі – еліміз үшін сын. Осы сыннан аман өткенімізді қалаймын. Жалпы бұл учаскенің сайлаушылары қай сайлауда болмасын өте белсенді. Бүгінгі күні тіркелген 1562 сайлаушымыз бар. Бүгінгі сайлауда 7 комиссия мүшесі мен 5 байқаушы жұмыс жасап отырмыз, - дейді комиссия төрайымы.

Қ.АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз