Сайлаушылар өз таңдауларын жасауда

№218 сайлау учаскесі Қазақстан Республикасының Әнұранымен салтанатты жағдайда ашылды.

Елдегі жағдайға байланысты сайлау учаскесі санитарлық жағдайдың барлық талаптары сақталды. Әр сайлаушы бетпердемен келіп, өз даусын беруге кірісті. Ең бірінші болып ауыл тұрғындары Байдулов Жантілеу мен Мұхамбетов Болат қатар келіп, өз таңдауларын жасады.

sa-100121-1

Сайлаушы Ж.Байдулов қашанда сайлаудан қалыс қалмайтынын,әркім өз даусын беруге тиістігін, өйткені бұл сайлаудың басқа сайлаудан өзгешелігін айтты. №218 сайлау учаскесі комиссиясының төрайымы Ш.Ахметова жалпы 1443 сайлаушы дауыс беруі тиістігін қаперге берді.

Сонымен қатар сайлауға байқаушы болып партиялар мен қоғамдық ұйымдары мен БАҚ өкілдері белсене қатысты. Барлық сайлау комиссиясының мүшелері санитарлық нормаларға сай арнайы киіммен, қолғаппен, бетпердемен қамтылған.

А.ҚУАНЫШҚАЛИЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT