Бүгін елімізде Парламент мәжілісі депутаттарының және мәслихаттардың кезекті сайлауы өтуде.
Бұл маңызды науқанға Махамбет ауданы да тыңғылықты дайындалды.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы С.Шотпақовтың айтуынша, аудан бойынша 18 сайлау учаскесі жасақталып, 17631 сайлаушы дауыс береді деп күтілуде.
Сайлаудың ашылу салтанаты барлық учаскелерде, оның ішінде аудан орталығындағы №219 сайлау учаскесінде де өз деңгейінде жүргізілді. №219 сайлау комиссиясының төрағасы Г.Неталиева сайлаушыларды мерекемен құттықтап, сайлауды ашық деп жариялап, сәттілік тіледі.
Одан соң еліміздің Әнұраны шырқалды. Сайлау учаскесінде барлық санитарлық талаптар сақталған.
Б.СҮЙЕУОВА