Мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін жетілдіру – еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының және сыбайлас жемқор- лықтың алдын алудың негізі. Мемлекет басшысы айқындап берген тапсырмаларға сәйкес, 2013 жылдың 15 сәуірінде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заң қабылданды.
Осы заң аясында Махамбет ауылдық округі әкімі аппараты бірқатар мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді. Атап айтқанда: «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру», «Сауда-саттықты өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншігіндегі жер учаскелері құқықтар алу», «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден немесе бөліп төлеу арқылы сату», «Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту».
Мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алу оңай әрі қолжетімді. Қызмет көрсету «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Интернетке қолжетімділігі бар кез келген азамат egov.kz, e-лицензирование порталдары арқылы тиісті өтініштерін үйден немесе жұмыс орнынан шықпай-ақ бере алады.
Ол үшін өтініш білдіруші «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының аудандық бөлімінен, онлайн ашық әкімдіктен немесе pki.gov.kz сайтынан электрондық сандық қолтаңба алып, жер учаскесінің схемасын және кадастрлық бағалау құнын анықтау актісін тіркеуі қажет. Ал «Жер учаскесін жеке меншікке сату» және «Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту» қызметтері бойынша өтініштер ауылдық округ ғимаратында қабылданады. Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында интернетке қосылған компьютермен жабдықталған өзіне- өзі қызмет көрсету бұрыштары мек¬тептер мен балабақшаларда жұмыс істеп тұр.
Гүлмира СЕМБАЕВА,
Махамбет ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы


