Отпен ойнама, күйесің!

Кішкентай балалардың отпен ойнауынан туындайтын өрттер, көбінесе мектеп жасына дейінгі балалардың білместігінен, әуесқойлығынан болатынын білеміз.

Соған орай, Атырау облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ Махамбет ауданы Махамбет кенті №11 өрт сөндіру бөлімінде 2019 жылдың 28-ші тамызында ашық күнін өткізді.

Ашық есік күніне Махамбет аудандық «Алтын балық» бөбекжай - балабақшасының 3 тәрбиешісі және 30 мектеп алды даярлық тобының бүлдіршіндері қатысты. Өрт сөндіру бөлім бастығының у.м.а азаматтық қорғау аға лейтенанты Үмбет Думан бүлдіршіндерге өрт қауіпсізідігі жөнінде айтты. Өрт сөндіру техникасы мен өрт сөндіру қызметкерлерінің жұмыстары, олардың маңыздылығын айтып, мысалдар келтіру арқылы толықтай түсіндірді. Ашық есік күнінің мақсаты бүлдіршіндердің санасына бала кезден өрт қауіпсіздігі әдебін қалыптастыру.

Сонымен қатар, Думан Қалқаманұлы сіріңкенің ойыншық еместігін, балаларға ұстауға болмайтындығын түсіндіріп, нақты мысалдар келтірді. Балалардың көзбен көргендері, құлаққа тез сіңіп, жадтарында сақталып қалатыны сөзсіз. Ашық есік күні жоғарғы дәрежеде өтті.

Шарадан соң балалар сіріңкеге деген көзқарастары өзгеріп, достарына, ата-аналарына көрген мағұлматтарын жеткізетіндіктерін айтып, сіріңкені ұстамауға уәде берді.

Махамбет ауданы Махамбет кенті №11

өрт сөндіру бөлімінің

радиотелефоншысы азаматтық

қорғау кіші сержанты Г.Д.Жумагазиева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521