«Samgau»-да үйренеріміз көп

«Samgau» жасөспірімдер мен жастардың оқыту, жұмысқа орналасу және лайықты жұмыс жасау дағдыларын дамыту жобасы аясында Жалғансай ауылдық округінде 6 күндік тренинг басталып кетті.

Оған ауылдық округтен 14-29 жас аралығындағы жастар қатысып, «Ауылдық тренер» дәрежесінде сертификатталған мамандар Айдана Сүлеймен, Балторғын Жұмағазиева бізбен бірге жұмыс жасап, тренингті өз деңгейінде сәтті жүргізуде. Ең алғашқы күн танысу тақырыбымен басталып, қызықты энерджайзерлер мен жаттығулар жасадық.

Осы тренингке қатысқан санаулы күннің ішінде өзіме деген сенімділігім екі есе ұлғайып, айналамдағы адамдарға деген пікірім өзгеріп, олардың жақсы жақтарын бағалауды, көмектесуді, қолдау көрсетуді, әр нәрсені сыни тұрғыдан ойлай отырып, ынтымақтастықта топпен жұмыс жасауға бейімделдім. Бұрын естімеген терминдерді де меңгеріп, «SMART» жоспар құруды үйрендім. Биылғы жастар жылында бізге берілген осындай тамаша мүмкіндікті пайдаланып, осы тренингке қатысқаныма қуаныштымын.

Жазель Жолдасова,

Жалғансай орта мектебінің оқушысы

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз