Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабының 1-бөлігінде азамат Ж.А-ға қатысты әкімшілік ісі қаралды.
Құқық бұзушы 2020 жылғы 13 маусымда 10 сағат 30 минут шамасында, Ж.А. алкогольден мас күйінде, өз үйінде туған әпкесі А.А-ға былапыт сөйлеп жанұя тыныштығын бұзған.
Сот отырысында «WhatsApp»-желісі арқылы байланысқа шыққан Ж.А. өз кінәсін толық мойындап, бұл әрекетін енді қайталамайтынын, әпкесі А.А-мен татуласқанын айтып көрсеткен. Сотқа жәбірленуші А.А-дан әкімшілік істі өзінің қатысуынсыз қарау және інісі Ж.А-мен өзара татуласқанын, оған кешірім беретінін, әкімшілік істі тоқтатуды сұрағаны туралы өтініш түскен.
Соттың қаулысымен азамат Ж.А.-ға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 73-бабының 1-бөлігіне сәйкес қозғалған әкімшілік іс бойынша іс жүргізу жәбірленуші А.А-ның әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлғамен татуласуына байланысты тоқтатылды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Сурет:дереккөз