Баспахананы «құлыптап» шыққан Ақмарал Рысқалиева

«Ең қиын кездерім – осы баспаханада өткен күндерім»

1984 жылы 8 қарашада мектепті аяқтай сала, аудандық баспаханаға линотип машинасында әріп теруші болып, жұмысқа орналасқан Ақмарал апа 20 жылға жуық уақыт қызмет еткен. Бастапқыда алты айға дейінгі сынақ-тәжірибеден өтіп, үш ай өткеннен кейін толық жұмысқа алыныпты. 

a

«Сол уақыттарда Дина, Зина Бердімұратовалар, Нәсіпхан Тұрдығалиева, Дариға Жұмағалиева, Әлия Нұрғазина сынды әріп терушілермен бірге ауызбіршілігіміз жараса отырып, қызмет еттік. Дина Бердімұратова әріптерді линотип машинасында теруді үйреткен ұстазым. Берілген материалдағы сөйлемнің әріптерін үтір-нүктесіне дейін бір-бірлеп басып тереміз. Қорғасынға құйылған әріптерді кейін текшелеп, жинақтап, газетке теруге жібереді. Бір сөйлемнен қате кетсе, соны қайтадан басынан бастап теруге тура келетін. «Матрица» деп аталатын кішкентай темір әріптерді машинада терген кезде ол әріптер салдырлап түсіп, төменге қорғасынға құйылады. Қорғасын адамға зиянды болғандықтан біздерге қосымша ақы да төленетін. Күндіз-түні уақытпен санаспай қызмет еттік. Газет баспаға кететін күні редактордың рұқсаты берілмейінше тыным көрместен, түнге дейін де жұмыс жасаған уақыттар болды»,- дейді Ақмарал апа.

Аудандық баспахананың жұмысы 2003 жылы қаңтар айында толықтай тоқтатылған уақытта әріптесі Дариға Жұмағалиева екеуі есігін жауып, құлыптап кетіпті. Сол жылдан бері мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасауға бел буып, қай жұмыстың да тетігін таба білетін Ақмарал апа бұл қызметте де абыройлы еңбек етіп келеді.

aqmaral29062

Соңғы уақытта техниканың жедел дамығаны соншалық, осыдан 20-30 жыл бұрынғымен мүлдем салыстыруға келмейді. Компьютерлендірілген заманда барлығын ақылды техникалар іске асырады. Техника қанша қарыштап дамып жатса да өткенге оралып тұруды жанымыз қалап тұратыны рас.

Қазбек АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521