«Отбасы – бақыт мекені»
- Информация о материале
- Read Time: 1 min
- : 1268
Отбасы күні мерекесіне орай аудан орталығында мерекелік шара ұйымдастырылды.
Аудан әкімінің орынбасары Света Аманшиева махамбеттіктерді мерекемен құттықтады.
Отау құрғандарына 50 жыл толған Қ.Кенжеғалиев пен А.Омарғалиеваға , 10 жылдан асқан А.Жұмашев пен З.Тукешоваға , сондай-ақ Дана, Әдемі, Мерейлі есімді үшемнің ата-анасы Ә.Құмаров пен Ж.Есмұхановаға аудан әкімінің атынан алғыс хат пен бағалы сыйлық берілді.
Аудандық мәслихат хатшысы М.Мырзашев мереке күні неке қиған А.Мүбәрәк пен Ө.Өтегенді аудан әкімінің атынан марапаттап, неке куәлігін табыс етті. «Мерейлі отбасы - 2017» сайысының жүлдегері Қуанышевтар отбасы ортаға шақырылып, ақ жаулықты ана Қ.Байсырымовадан жас отбасыларға бата сұралды.
Мерекелік шара аудан өнерпаздарының сазды бағдарламасына ұласты.
Б.Сүйеуова.