Жолдауда көтерілген фармацевтика өнеркәсібін дамыту мәселесі – бүгінгі күннің ең маңызды стратегиялық бағыттарының бірі.
Әлемдік деңгейде дәрі-дәрмекке деген сұраныс артып, түрлі тәуекелдер көбейіп отырған кезеңде Қазақстанның өз өндірісін күшейтуі – ел қауіпсіздігі мен денсаулық сақтау жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ететін маңызды қадам.
Өз елімізде жасалатын дәрі-дәрмек түрін арттыру, сапасын жақсарту және импортқа тәуелділікті азайту – экономикалық жағынан да, әлеуметтік тұрғыдан да үлкен пайда әкеледі. Бұл – жаңа технологияларды енгізуді, ғылыми-зерттеу жұмыстарын күшейтуді, білікті мамандар даярлауды қажет ететін кешенді жұмыс. Сонымен бірге жергілікті өндірістің дамуы халыққа дәрілердің қолжетімді болуына, баға тұрақтылығына және медициналық қызметтің сапасын арттыруға тікелей әсер етеді.
Жолдаудағы бұл бағыттың айқын әрі нақты қойылуы еліміздің алдағы жылдардағы стратегиялық дамуына жаңа серпін береді. Фармацевтика саласын дамыту – тек экономикалық емес, ұлттық қауіпсіздік пен халық саулығын қорғауға бағытталған маңызды міндет. Сондықтан бұл бастама ел дамуы жолындағы маңызды әрі уақытылы шешім деп бағалауға толық негіз бар.
Д.СӘДУАҚАС


