Білім мен инновацияны ұштастыру – ұлттық дамудың кепілі

Мемлекет басшысы жариялаған бұл Жолдау – Қазақстанның даму бағытын жаңа кезеңге бағыттайтын маңызды құжаттардың бірі.

 Президент білім экономикасына көшу қажет екенін атап өтіп, ғылым, білім және инновацияны біртұтас жүйе ретінде дамытудың маңызын нақты көрсетті. Бұл – қазіргі жаһандық бәсекеде елдің орнықты дамуын қамтамасыз ететін басты шарт.

Орталық ойдың мәні – басқару тәсілдерін жаңарту арқылы білім мен ғылымды экономиканың тірек күшіне айналдыру. Шын мәнінде, ғылым мен жаңа технологияға негізделген елдер ғана алдыңғы қатарға шыға алады. Сондықтан зерттеулерге инвестицияны көбейту, жас ғалымдарды қолдау, білім беру сапасын жаңғырту, цифрлық шешімдерді кеңінен енгізу – уақыт талабы.

Жолдауда айтылған міндеттер ел болашағы үшін аса өзекті. Егер білім, ғылым және инновация салаларын өзара байланыстыра отырып жүйелі реформалар жасалса, Қазақстанның интеллектуалды және экономикалық әлеуеті едәуір артады. Бұл – елдің өркендеуіне жол ашатын стратегиялық қадам.

 

Г.ЖОЛДАСҚАЛИ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT