Өртті ауыздықтауға 11 техника жұмылдырылды

Өрт-тактикалық жаттығу

Өрт-тактикалық жаттығу.

Жақында Сарытоғай ауылында Махамбет орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман өртін болдырмау, орын алған жағдайда оны шұғыл сөндіруді ұйымдастыру жөніндегі жоспарға сәйкес оқу-жаттығу шарасы өтті.

oqy25621

Іс-шараға 11 техника және 70 адам қатысты. Нақтырақ айтсақ,Махамбет орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемеден-5 техника, 40 адам; аудандық орман шаруашылығынан 1техника,7 адам, аудандық орталық ауруханадан -1 техника, 5 адам, аудандық полиция бөлімшесінен -1 техника, 5 адам; ауылдық округ аппаратына қарасты ерікті өрт сөндіруші жасақтарынан - 2 техника,5 адам, аудандық желілік техникалық учаскілігінен -1 техника, 3 қызметкер қатысты.

- Жаз мезгілінде өрт секілді төтенше жағдайлар жиі орын алып тұрады. Біз жыл сайын аудан көлемінде дала-орман өртін алдын алу бойынша оқу-жаттығу шараларын өткізіп келеміз. Ондағы басты мақсат – орман шаруашылығы қызметкелері, тәртіп сақшылары, медицина қызметкерлері және ауылдық округінің аппаратына қатысты ерікті өрт сөндірушілердердің жұмыстарын пысықтап,олардың төтенше жағдайдағы іс-әрекеттерін тексеру болып табылады, - дейді аудан әкімінің орынбасары Зұлхарнай Мұқаш.

Ару ҚҰРМАШЕВА,

Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дің журналистика факультетінің 2 курс студенті

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521