Атырау облысында өткен тәулікте 75 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.
Бұл туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды. Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 15-і Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 46 жұмысшыдан, Жылыой -7 Индер -2, Құрманғазы ауданында 5 адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.
Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 14-інде ауру симптомды түрде өтуде.
Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 63 адам емделіп шықты. Қазіргі уақытта 309 адам үй жағдайында емделуде.
Облыстық инфекциялық стационарда 96 науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 39, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 779 адам ем қабылдауда.
Сурет:дереккөз