Ортақшыл ауылында Отбасы күніне орай «Отбасым да – тарихтың бір тамыры» атты үлгілі отбасылармен кездесу кеші өтті.
Іс-шараға ауылдың өнегелі жанұялары – Аманғали отбасы мен Даулетовтер отбасы шақырылып, өз өмірлік тәжірибелері мен тәрбиелік мәні зор әңгімелерімен бөлісті.
Кештің шымылдығын ауыл әкімі Алмас Ұзақбайұлы ашып, отбасыларға алғыс хаттар мен сый-сияпаттар табыстады. Жиын барысында ақжаулықты аналар өнегелі әулеттерге баталарын беріп, ақ тілектерін арнады. Сондай-ақ, ауыл келіндері қонақкәде жасап, өнерлерін ортаға салды.
Кеш бағдарламасында Қосарал орта мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұргүл Хамидоллақызы тәрбиелік тренинг өткізсе, мәдениет үйінің басшысы Бексұлтан Маратұлы жүрекжарды тілегін білдіріп, поэзиядан үзінді оқыды.
Шараның соңында жас өнерпаз Аңсар Төлешова әсем ән шырқап, кітапханашы Әлия Өтепқызы ұйымдастырған тақырыптық кітап көрмесі таныстырылды.
Ауыл тұрғындарының басын қосқан бұл тағылымды кеш отбасы құндылықтарын дәріптеп, ұрпақ тәрбиесіне үлгі боларлық мәнімен есте қалды.