Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Орталық Азия – Ресей» саммитінде айтқан бастамалары еліміздің экономикалық тұрақтылығын арттыруға, өңірлердің әлеуетін көтеруге бағытталған нақты қадам болды. Президент атап өткендей, Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда көлемі 28 миллиард долларға жетіп, ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерілді.
Бұл – тек ірі қалалар үшін емес, аймақтар мен аудандардың да дамуына әсер ететін маңызды үрдіс. Себебі өңіраралық байланыстар мен инвестициялық жобалардың жүзеге асуы өндіріс, ауыл шаруашылығы, логистика және шағын бизнес салаларының жандануына мүмкіндік береді.
Ауданымыза осындай серіктестік аясында өз мүмкіндігін арттыра алады. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, экспорттық әлеуетті көтеру, өндіріс орындарын ашу бағытында қолға алынған бастамалар екіжақты экономикалық байланыстардың нақты нәтижесіне айналмақ.
Президент айтқандай, шекаралық сауда аймақтарын құру, бизнес-форумдар мен көрмелер ұйымдастыру – кәсіпкерлерге жаңа нарықтарға шығуға жол ашады. Бұл өз кезегінде жергілікті өндірістің дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және халықтың тұрмыс сапасының артуына ықпал етеді.
Ел мен аймақ мүддесін ұштастыратын мұндай бастамалар – тұрақты даму мен өзара тиімді серіктестіктің айқын көрінісі.
С.Жайлашев,
Махамбет аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы