Ардагерлерді ардақтау – парыз

Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінің мәжіліс залында «Ұстаз аты – биік әрі мәңгілік» атты мерекелік кеш ұйымдастырыл- ды. Бұл кездесуге әр жылдары мектеп, балабақшалар басқарған бір топ ардагер ұстаздар қатысып, кештің құрметті қонағы болды.

Шараны аудандық білім бөлімінің басшысы Венера Берікқызы жүрекжарды құттықтау лебізімен ашты. Оқушылар Абайдың «Жаз», «Жазғытұрым», «Қыс» өлеңдерін мәнерлеп оқып, «Желсіз түнде жарық ай», «Көзімнің қарасы» әндерін тамылжыта шырқады.

Білім саласы ардагерлері кеңесінің төрағасы Қылышбай Қазиев барша ұстаздар қауымын және сала ардагерлерін мерекелерімен құттықтап, отбасыла­рына амандық тіледі. Таяуда ардагер-ұстаз Алмажай Мәстековаға «Махамбет ауданының Құрметті азаматы» атағы берілгенін еске салды. Және облыстық ардагерлер кеңесінің үйғарымымен білім саласының ардагері, көп жылдар бойы балабақша меңгерушісі болған ұлағатты ұстаз Ақбал Құрманбаеваны «Мінсіз қызметі үшін» медалімен марапаттап, оны салтанатты жағдайда тап­сырды. Мемлекеттік қызмет саласының ардагері Алмажай Айсағалиқызы бүгінгі шара үшін ұйымдастырушыларға алғысын айтып, қызмет еткен жылда­рын сағынышпен еске алды. Мемлекеттік қызмет саласының ардагері Ғабиден Әбдешов те мерейлі сәтпен құттықтап, талай жыл мектепте, ауылдық әкімдікте басшылық еткен кезеңдердегі естеліктерімен бөлісті. Әсерлі, мән-мағыналы кеш сыйлаған ұйымдастырушыларға алғысын жаудырып, жүрекжарды лебізін өлең жолдарымен жеткізді

Білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы аудандық бөлімшесі атынан барлық ардагерлер қауымына алқызыл гүл шоқтары, естелік сыйлықтар табыс етілді. Шара одан әрі «Сағым жылдарға сапар» атты ретро-әндерге ұласты. Жастар шырқаған «Аңсағаным», «Ғашықтар жыры», «Әдемі-ау» әндеріне қол соқпаған жан қалмады. Онда «Тақиялы періште» кинофильмінен көріністер көрсетіліп, көптің ыстық ықыласына бөленді. Ән-думанға бөлеген бағдарлама «Жақсы адамдарым» әнімен қорытындыланды.

А.ТЕКЕБАЙ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT