Жердің әлеуетін арттыру – ауылдың келешегі

Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында ауыл шаруашылығын дамыту – басты басымдықтардың бірі ретінде айқындалды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бағыттың ел экономикасын нығайтып, халықтың әл-ауқатын арттырудағы шешуші рөлін атап өтті.

Жердің әлеуетін тиімді пайдалану, шаруаларды қолдау және аграрлық салаға заманауи технологияларды енгізу – ауылдың болашағын айқындайтын негізгі бағыттар. Қазіргі таңда цифрландыру мен жасанды интеллект элементтерін енгізу еңбек өнімділігін арттырып, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға мүмкіндік беріп отыр.
Президент тапсырмасына сәйкес, ауыл шаруашылығында жаңа су үнемдеу технологиялары, жерді тиімді игеру тәсілдері және агроөнеркәсіптік кооперация жүйесі дамытылуда. Бұл өз кезегінде ауылдағы табысты арттырып, өнім сапасын жақсартуға жол ашады.

Адал еңбек пен озық тәжірибе қатар жүрген жерде ауыл да, ел де өркендейді!

 

Қ.Ұзақбайұлы,
Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT