Өрт жағдайында не істеу керек?

Ойланбай тасталған темекі тұқылы, сөнбей қалған от - мұның соңы орны толмас үлкен қайғыға соқтырады.

Жаз мезгілінің келуімен жылдан-жылға табиғи өрт, яғни орман және дала өрттері санының күрт өзгеруін байқауға болады. Табиғи өрттердің шығуының басым көпшілігі адамдардың әрекеттерімен байланысты. Табиғи өрттің алдын-алу мақсатында келесі маңызды ережелерді естеріңізге саламыз:

- жазғы маусымда құрғақ, ыстық және желді ауа-райында ауылдық елді мекендер мен саяжайлық ауылдарда, бақшалық учаскелерде от жағуға, қауіпті жұмыстарды жүргізуге жол берілмейді.

- желді күндері қоқыс қалдықтарын жақпаңыздар, жаққан алаудың толық сөнгеніне көзіңізді жеткізіңіз.

- елді мекендер мен ұйымдардың аумақтары, ашық қоймалар мен құрылыстардың, ғимараттардың, сондай-ақ тұрғын үйге, саяжайға және басқа да құрылыстарға жақын учаскелер жанармай қалдықтарынан, қоқыстан, құрғақ шөптерден, жапырақтардан дер кезінде тазартылып тұруы қажет.

- өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау мақсатында жасөспірімдер мен балалар арасында әңгіме жүргізіңіз.

- темекі тұқылын және жанып жатқан отты мұқият өшіріңіздер.

Қазіргі уақытта аудан көлеміндегі жерлердің көпшілігі әркімнің жеке меншігі болып табылады. Әрбір шаруашылық, құрылым басшылары мен жекеленген адамдар өздерінің жеке мүліктерін және жерлерін өрттен қорғауға тікелей міндетті екенін естен шығармаған жөн. Бұл бағытта аудандық ТЖБ және №11 Өрт сөндіру бөлімі, полиция және орман және жан-жануарларды қорғау мекемесінің қызметкерлерімен бірлесе отырып аудан көлемінде түрлі рейдтік шаралар өткізіп, түсінік жұмыстарын жүргізуде.

Қандай да бір табиғи, дала өртін немесе жану оқиғасын байқасаңыздар, немқұрайлық танытпай, тез арада өрт сөндіру бөлімінің «101» телефон нөміріне хабарласуларыңызды сұраймыз.

Ж.Жолдыбаева,

аудандық №11 Өрт сөндіру бөлімі радиотелефоншысы,

азамттық қорғау кіші сержанты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT