Бақсайлық түлектер ауылға "Ауылым Таңдай" белгісін орнатты

Туған ауылды түлету - оның әр перзентінің абыройлы парызы.

Сол кезде Таңдай орта мектебі деп аталған қазіргі Қ.Ахмедияров атындағы орта мектепті 2000 жылы бітірген түлектер "Ауылым Таңдай" белгісін орната отырып, өз қолтаңбаларын қалдырды. 20 жыл бұрын "Біз кім боламыз, өмірден өз орнымызды таба аламыз ба?!" деген түлектер, міне, осынша жылдан кейін туған ауылдарына келіп, осындай ізгі істің ұйытқысы болып отыр.

t

Қайыржан Мажиев, Бақсай ауылдық округінің әкімі:

- Бұрын ауылымыз құлазып тұрушы еді. "Жасыл белдеуді" қоршап, ішіне ағаш отырғызып бастаған 1981-ші жылғылардың эстафетасын бүгін де жалғастырушылар баршылық. Олар отырғызған ағаш бүгінде жайқалып өсіп, ауылымыздың көркін аша түсуде. Мұндай бастамаларға біз қуана отырып қолдау білдіреміз. Бүгінгі 83-тердің еңбегіне дән ризамыз. Кешкі серуен уақытында ауыл тұрғындарының келіп, демалып, бой жазатын орынның табылғанына қуаныштымыз.Ұшқан ұя мектебін, аяулы ұстаздарын және туған ауылын ұмытпай, қолдан келсе қол ұшын беру - нағыз азаматтық. Ауылдастар атынан бәріне алғыс айтқым келеді,- деді.

t

Биыл мектеп бітіргендеріне 40 жыл болған 1963-тер "Жасыл белдеуге" көшет отырғызды. Осылайша саялы бақтың көлемі ұлғайып келе жатыр екен. Енді ауылға кіреберіс жолдың қарсы бетін жайқалту жоспарда.

"Бұл шараны ұйымдастыру еліміздегі ахуалға байланысты созылып кеткен еді. Мінекей, бүгін сол көптен күткен сәт туып, ауылымызға аялдама орнатып беру бақыты бұйырып отыр. Аялдама енді ауылдастар, сіздерге аманат",- деді Таңдай орта мектебінің 2000 жылғы түлегі Алтай Баймұханов.

tandai120620-3

Шара барысында ауылдың дамуына атсалысып, үлесін қосқан белсенді азаматтарға, түлектер өздеріне тәлім берген ұстаздарына сый-сыяпаттарын табыстады. Сонымен қатар, дәстүрге сай келер жылы мектеп бітіргендеріне 20 жыл толғалы отырған 1984-терге эстафетаның қамшысын ұсынылды.

t

Қазбек АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521