Аудан аумағында «Шартты түрде сотталған» атты іс-шара өтуде

Пробация қызметі есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларға сотталған тұлғалар тарапынан құқықбұзушылық фактілерін болдырма мақсатында, аудан аумағында ағымдағы жылдың 15 маусымынан бастап 25 маусымға дейінгі мерзімде «Шартты түрде сотталған» атты республикалық профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Осы іс-шараның барысында аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесімен бірлескен жоспар құрып, пробация қызметі бөлімшесінің есебінде тұрған сотталғандар тексерілуде.

Аталған профилактикалық іс-шараның басты міндеті – есепте тұрған бас бостандығын айырумен байланысты емес жазаға сотталған тұлғалардың тарапынан болатын құқық бұзушылықты және қылмыстың қайталануын уақтылы анықтау үшін, тұрғылықты жерлері, әкімшілік деректер базасы және ішкі істер органдарының басқа да есептері бойынша тексеру болып табылады. Профилактикалық іс-шараның алғашқы күндері есептегі адамдарды жергілікті полиция қызметімен бірлесе отырып, есепте тұрған барлық сотталғандардың материалдық-тұрмыстық жағдайы, нақты қайда және кіммен тұратыны, тіркелу орны, тұрғылықты жері болуы жіті тексеріліп, қадағалануда.

Аталған онкүндік аясында жұмыс әлі де жалғасады.

А.У.Кабдыкайрова,

Махамбет аудандық пробация қызметі бөлімшесінің

бастығы әділет капитаны

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT