Табиғи өрттердің басым көпшілігі адамдардың немқұрайлығынан және табиғи құрғақшылықтан туындайды. Ойланбай тасталған темекі тұқылы, сөнбей қалған от – осының барлығы орны толмас үлкен қайғыға алып келеді.
Сондықтан, табиғи өрттің алдын алу және материалдық зардап шекпеу мақсатында келесі маңызды ережелерді естеріңізге саламыз:
- жазғы маусымда ыстық және желдi ауа-райында ауылдық елдi мекендер мен саяжайлық ауылдарда, бақшалық учаскелерде от жағуға, өрт қауіпті жұмыстарды жүргiзуге жол берiлмейдi;
- желді күндері қоқыс қалдықтарын жақпаңыздар, жаққан жағдайда өрттің толық сөнгеніне көзіңізді жеткізіңіз;
- елді мекендер мен ұйымдардың аумақтары, ашық қоймалар мен құрылыстардың, ғимараттардың өртке қарсы қашықтығы, сондай-ақ тұрғын үйге, саяжайға және басқа да құрылыстарға жақын учаскелер жанармай қалдықтарынан, қоқыстан, құрғақ шөптерден, жапырақтардан тазартылып тұруы қажет;
- өрт пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау мақсатында жасөспірімдер мен балалар арасында түсінік жұмыстарын жүргізіңіз;
- темекі тұқылын және жанып жатқан отты мұқият өшіріңіздер.
Егер Сіз, табиғи, дала өртін немесе жану оқиғасын байқасаңыз, немқұрайлық танытпай, тез арада өрт сөндіру бөліміне «101» телефон нөмірі арқылы хабарлаңыз.
Естеріңізде болсын! Өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамаған кінәлі тұлғалар жасаған құқық бұзушылығының а у ы р л ы ғ ы н а с а й Қ а з а қ с т а н Респуликасының заңнамаларына, яғни Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы және қылмыстық кодекстеріне сәйкес тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапқа тартылады.
Аудандық Төтенше жағдай бөлімі