Орман - біздің байлығымыз

Қоршаған ортаның ақ босағасы, алтын діңгегі, табиғи байлықтардың күрделі көзі - орман. Оның алуан түрлі өнімдері мен пайдалы қасиеттерінсіз адам баласының қазірге дейінгі өсіп-өну жолын көз алдыңа елестете алмайсың.

Жалпы орман шаруашылығы – ел экономикасының бір саласы. Махамбет орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекеменің бүгіні және келешегі туралы білмек мақсатта мекеме директорының орынбасары Қанат Жұмахановты әңгіме тартқан едік.

Біздің мекеме 1949 жылы құрылған. Бүгінгі таңда орман қорының жалпы көлемі –12 430 гектар. Оның ішінде орман басқан жер 8534 гектар болса, ормансыз жерлер 4377 гектар. Соңғы рет орман орналастыру жұмыстары 2018 жылы орман кодексіне сәйкесті жүргізілді. Мекеменің негізгі міндеттеріне ағаш көшеттерін отырғызу, орманды өрттен сақтау, орман зиянкестерімен күресу, ағаштарды күтіп-баптау мақсатында тазарту, сирету санитарлық күтіммен кесу, өртке қарсы минералды жолақтар жүргізу кіреді. Бұл орайда орман қорықшыларының атқаратын рөлі зор. Табиғат пен қоршаған ортаны қорғау –мекеменің маңызды міндеті. Мекемемізде қырықтан аса адам еңбек етса, көпшілігі – жастар. Орман шаруашылығында ұзақ жылдар бойы орманшы болған Жұлдыз Сапаров, Мақсот Ахметов, Сағидолла Әбілшиев, Сәлімжан Жалмұханов, бас есепшілік қызметте Әлия Кенжеғалиқызы еңбек еткенін айта кеткенді жөн көріп отырмын. Бұл күнде ол кісілер көп жылғы еңбегінің зейнетін көруде. Мекеменің жаңа ғимараты 2017 жылы салынып, пайдалануға берілді. Мекеме жанынан 5 гектаржерге бақ (питомник) өсіруді қолға алып жатырмыз. Биыл 1 гектар жерге түрлі ағаш көшеттерін отырғызбақ ниеттеміз,- дейді Қ.Рабайұлы.

Орманды күтіп-баптау, күл-қоқыстардан тазарту бағытында түрлі сенбіліктер, ағаш егу акциялары да жүргізіледі. Орманды аралап, ағаштарға күтім жасауға карантин уақыты да кедергі болмапты.

А.ҚУАНЫШҚАЛИЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT