Сарайшық ауылында жастар саябағы ашылды

Ауылдың гүлденуі - еліміздің гүлденуі.

Осыны мақсат еткен Сарайшық ауылының әкімдігі ауылға кіреберіс қақпанының жанынан Жастар саябағының тұсауын кесті.

s

Салтанатты түрде лентасы қиылып, шашуы шашылып, арнайы ұйымдастырылған шараға ауыл ардагерлері, тұрғындар қатысты.

Сөз сөйлеушілер ауылда жасалып жатқан игілікті істердің көбейіп келе жатқандығына шексіз қуанышты екендіктерін, бұл тұрғыда әкімдіктің атқарып жатқан жұмысына оң бағасын берді.

saiabaq221020

Саябақтың лентасын ауылдың белсенді ардагерлері Рауль Тауыпов пен Қадим Сисенғалиев қиды. Саябақ әдемі брусчаткалармен әрленіп, жарық шамдар орнатылып, жас көшеттер отырғызылды.

saiabaq221020-3

"Сарайшық" жазуы да жаңа саябақтың көркін одан әрмен ашып тұрғандай. Алдағы уақытта бұл жер жастардың басы қосылып, мәдени шаралардың ұйытқысы боларына сеніміміз мол.

Қ.АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз