«Өнерпаздар» балаларға сыйлық жасады

1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында аудандық «Өнерпаз» мәдениет үйі кішкентай балақайлар арасында «Менің сүйікті кейіпкерім» атты онлайн фото-байқау ұйымдастырды.

Instagram әлеуметтік желісі арқылы байқауға 22 бүлдіршін қатысып, бақтарын сынады. Фото-байқау жас ерекшеліктеріне байланысты 1-5 жас және 6-10 жас аралығындағы қатысушылар арасында өткізілді.

Бірінші кезеңі 15 мамыр мен 25 мамыр аралығында бүлдіршіндердің салған суреттері ата-анасының немесе жақын туысының Instagram әлеуметтік желісіне жариялап, #Меніңсүйіктікейіпкерім #ӨнерпазБайқау хэштегтеріне сала отырып, мәдениет үйінің әлеуметтік желідегі парақшасын белгілеп кетуі керек болды.

Қатысушылар әлеуметтік желіге суреттерін жарияланғаннан кейін «лүпіл» арқылы екі, арнайы сарапшылардың бес балдық көрсеткішпен бағалауы бойынша төрт жеңімпаз анықталды. Бұл жерде сарапшылар қатысушының фотоны әрлеуі, кейіпкерді образы секілді критерийлер бойынша сынады.

Байқау қорытындысында 1-5 жас аралығындағы қатысушылар арасында оқырмандардың бағалауымен 662 «лүпіл» жинаған Р.Ерболқызы, сарапшылардың бағалауымен А.Мунашев және Я.Сәлімжан үздік деп танылды. Ал 6-10 жас аралығындағы қатысушылар арасында оқырмандардың бағалауымен 757 «лүпілмен» С.Табиғат, сарапшылардың бағалауымен А.Юн және А.Ержанқызы үздік деп танылды. Жеңімпаз болып танылған алты қатысушыны «Өнерпаз» мәдениет үйінің ұжымы арнайы барып құттықтап, дипломдар мен естелік сыйлықтар ұсынды. Қалған 16 қатысушыға алғыс хаттар мен аудан орталығындағы азық-түлік дүкендерінің бірінен тәттілер алуға сертификат тарту етілді.

Айта кету керек, «Өнерпаз» мәдениет үйінің ұжымы махамбеттік балақайлардың өнерін бағалау мақсатында «Кішкентай ханшайым» «Әнші балапан», «Балдан тәтті балдырған», «Суретші балақай» секілді байқаулар ұйымдастыра отырып, бүлдіршіндерге қуаныш сыйлауды дәстүрге айналдырып келеді.

Қ.Айтқалиев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521