Ауданда мониторинг топ өкілдері рейдтік шараларын жалғастыруда

Рейдтік іс-шаралар  жалғасуда.

Махамбет аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «Шектеу шаралары, оның ішінде карантиннің кейбір мәселелері туралы» қаулысына енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру мақсатында басқарма мамандары, аудандық кәсіпкерлік бөлім, ішкі істер бөлімі қызметкерлерінен құрылған мониторинг топ өкілдері рейдтік жұмыстарды жалғастырды.

«093» көлік жуу және жөндеу орталығында санитарлық талаптардың сақталуы, жұмысшылардың бетперде киіп, халыққа қызмет көрсетуі тексерілді. Облыстың бас санитарының қаулысына енген өзгерістер мен толықтырулар түсіндірілді. Кейін «Саяна», «Молшылық» және «Берекет» азық-түлік дүкендерінің алдындағы кезек, сатушы мен тұтынушының арасындағы арақашықтық және дүкендердің санитарлық жағдайы, дезинфекциялық құралдарды қолдануы қадағаланды. Аталған кәсіпкерлік нысандардағы санитариялық-дезинфекциялық іс-шараларды жүйелі түрде жасау қажеттілігі ескертілді.

s

Аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бас маманы Сара Қабазованың айтуынша, санитарлық талаптар барлық кәсіпкерлік нысандарда сақталған.

r

- Сақтық шараларына салғырттық таныту ауру өсімінің өршуіне алып келеді. Бұл өз кезегінде карантиндік режимді күшейтуді қажет ететіндігі белгілі. Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына және адамдардың тыныс-тіршілігіне қажетті нысандардың тұрақты жұмыс жасауына бірден-бір үлес қосатын әрбір тұрғынның өзі, яғни қойылған санитариялық ережелер қатаң сақталған жағдайда ауруды өршітуге жол берілмейді. Сондықтан тұрғындарды санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды орындауға шақырамыз,-дейді басқарма маманы.

Қ.Айтқалиев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521